«ҚазТрансГАз» бас директоры болып Қайрат Шәріпбаев тағайындалды

Күні: 16:30, 28-10-2014.

Алматы. 28 қазан. ҚазТАГ - Куба Туратбеков. «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры болып Қайрат Шәріпбаев тағайындалды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.  
«Кайрат Шәріпбаев бүгіннен бастап «ҚазТрансГаздың» бас директоры болып тағайындалды, әзірге ресми түрде таныстырған жоқпыз. Кешке қарай ресми түрде таныстырамыз», - деді сейсенбіде ҚазТАГ агенттігіне баспасөз қызметінен.  
Еске салсақ, бұған дейін «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры міндетін Серік Сұлтанғали атқарған еді. Қ.Шәріпбаев «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директоры болған еді.  
   «ҚазТрансГаз» АҚ 2000 жылы мұнай-газ саласындағы жұмысты жүйелендіру үшін құрылған және газды барлау, өндіру, тасымалдау және тарату кезінде активтерді  корпоративтік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырады.   «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ және оны қайта өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.  


Жаңалықтармен бөлісу: