«ҚазТрансГаз-Тбилиси» ЖШҚ Қазақстан басқаруына қайтады

Күні: 18:46, 13-11-2014.

«ҚазТрансГаз-Тбилиси» ЖШҚ Қазақстан басқаруына қайтады


Алматы. 13 қараша. ҚазТАГ – «ҚазТрансГаз-Тбилиси» ЖШҚ Қазақстан басқаруына қайтады, деп хабарлады «ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметінен
«Грузияның Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвилидің Қазақстан Республикасына ресми сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Грузияның Үкімет басшылары келіссөздерінің қорытындылары бойынша «ҚазТрансГаз» АҚ-ның басқаруына «ҚазТрансГаз-Тбилиси» ЖШҚ-ны бақылауды қайтару туралы уағдаластыққа қол жетті», - деп көрсетілген бейсенбі күні компания таратқан хабарда.
Хабарда айтылғандай, осының алдында Тбилисиде өткен кезекті Қазақстан-грузин екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының жұмысы барысында «ҚазТрансГаз» АҰ мен «Банк Грузии» АҚ арасында Бітімгершілік келісімге қол қойылған болатын, оған сәйкес   «ҚазТрансГаз-Тбилиси» ЖШҚ-ның 10 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі айыппұлдар мен пайыздар бойынша борышы есептен шығарылды.
Даулы сәттерді реттеу бағытындағы тағы бір маңызды қадам - «ҚазТрансГаз-Тбилиси» ЖШҚ-ның Грузия Қаржы министрлігі алдындағы 2008-2009 жж. газ бергені үшін «Корпорация нефти и газа Грузии» ЖШҚ алдында қалыптасқан 34 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі борышын қайта құрылымдау туралы уағдаластық болды.
2009 жылы «ҚазТрансГаз-Тбилиси» ЖШҚ Кутаиси қаласы сотының шешімімен  «Корпорация нефти и газа Грузии» ЖШҚ-ның бастамашылығы бойынша Арнайы Басқарушы енгізілген болатын.
Қазақстан Республикасындағы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ, қол жеткізілген уағдаластықтар сындарлы әріптестікті одан әрі дамытуда тараптардың ортақ мүдделілік танытуларын білдіреді және Грузияның газ саласындағы стратегиялық бизнес-жоспарларын іске асыруға жол ашады деп санайды.
Анықтама:
2005 жылғы 26 желтоқсанда Тбилиси қ. «ҚазТрансГаз» АҚ және Грузияның Экономикалық даму министрлігінің арасында Грузиядағы инвестициялық қызмет туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумды іске асыру мақсатында «ҚазТрансГаз» АҚ
2006 жылғы 2 наурызда жарғылық капиталына 100% үлестік қатысуымен «ҚазТрансГаз-Тбилиси» ЖШҚ-ны құрды.
«ҚазТрансГаз-Тбилиси» ЖШҚ өткізілген сауда-саттықтардың нәтижелері бойынша «Тбилгаз» АҚ-ға тиесілі газ тасымалдау активтерін 12,5 млн. АҚШ долларына сатып алды.
Тбилиси қ. газ тарату жүйесінің жалпы ұзындығы 2400 км астамды құрайды, оның ішінде: 232 км жоғары, 810 км орта және 1372 км төмен қысымды. «ҚазТрансГаз-Тбилиси» ЖШҚ 300 мыңнан астам абонентке қызмет көрсетеді, оның ішінде: 4 мың 900 коммуналдық мақсаттағы объектілер, сондай-ақ 500 дейінгісі - ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар.


Жаңалықтармен бөлісу: