Бейсенбі күні Қазақстанның батысында ғана жаңбыр жауады

Астана. 4 қазан. ҚазТАГ - Бейсенбі күні Қазақстанның батысында ғана жаңбыр жауады  деп күтілуде,  деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігіне бұрынғыша антициклон ықпал етеді, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек батысында ғана атмосфералық  фронталдық бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашынды.  Республика бойынша кей жерлерде тұман, жел күшйеді», - делінген синоптиктердің хабарында.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, оңтүстіктен 2-7  м/с жел тұрады, күндіз +18+20. Сондай-ақ ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, 0-5 м/с жел тұрады, +24+26.
Жамбылда, Түркістанда, ертеңгісін және күндіз Қызылорда облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады, сәйкесінше, +23+28, +25+30, +25+30.
Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, түнде және ертеңгісін жекелеген аудандарда тұман түседі, +16+21, +14+19, +12+17. Бұл ретте БҚО-да жаңбыр жауады.  
Алматы облысында ертеңгісін және күндіз жауын-шашынсыз, Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жел тұрады, +23+28.  
Атырау, Қостанай облыстарында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман күтіледі,   +23+28, +17+22. Атырау өңірінде жаңбыр күтіледі.  
Маңғыстау облысында күн ашық, жауын-шашынсыз,  +25+30.
Ақтөбе, Ақмола, Павлодар, Қарағанды өңірлерінде күн ашық, жауын-шашынсыз,   +22+27, +15+20, +13+18, +17+22.
Түркістанда, Маңғыстауда, Қызылорда, Жамбыл, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады.  
Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы жекелеген таулы өзендерде  су көлемі құбылып тұрады.


adimage