Астана. 25 қыркүйек. ҚазТАГ – Астанада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Комиссия жұмысының барысында «Болашақ» стипендиясы тағайындалатын үміткерлердің тізімі, сондай-ақ бағдарламаны іске асыруға қатысты бірқатар мәселе қарастырылды. Комиссия шешімімен 142 үміткерге стипендия тағайындалды. Олар магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша әлемдегі жетекші жоғары оқу орындарына, ғылыми және өндірістік орталықтарға оқуға жіберілетін болады», - делінген сейсенбіде Ақорда сайтында жарияланған хабарда.
Жалпы 2018 жылға жалпы саны 555 стипендия бөлінді.
Басқосу қорытындысы бойынша Г.Әбдіқалықова «Болашақ» халықаралық стипендиясын одан әрі жүзеге асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
«Болашақ» стипендиясы 142 қазақстандыққа берілді
