Орал. 21 ақпан. ҚазТАГ – Жаңа тасымалдаушы «FlyArystan» ағымдағы жылдың мамыр айында Орал-Алматы рейсін шығармақ, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінің ақпарынша, бұл келісімге өңір әкімі Алтай Кульгинов пен «FlyArystan» әуекомпаниясының вице-президенті Паоло Ричиоттидің кездесуі қорытындысының нәтижесінде қол жеткізілген.
«Биыл Орал әуежайы терминалын жаңарту басталады. Оның алаңын 4 мың шаршы метрден 8 мың шаршы метрге дейін үлкейту жоспарлануда, бұл жолаушылар ағынын жылына 350 мың адамға дейін жеткізуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті А. Кульгинов.
Өз кезегінде, П. Ричиотти ағымдағы жылдың мамырында Орал мен Алматы арасында рейс ашу жоспарланып жатқанын, сондай-ақ Оралдан басқа қалаларға, соның ішінде Астанаға да ұшу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын айтты.
«Біздің әуе билеттеріміздің құны ішкі әуе тасымалы нарығындағы бағадан төмен болады», - деді «FlyArystan» вице-президенті.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34