ҰҚК төрағасының орынбасары – Қазақстанның сыртқы барлау қызметінің директоры тағайындалды

Астана. 8 қазан. ҚазТАГ – ҰҚК төрағасының орынбасары – Қазақстанның сыртқы барлау қызметінің директоры тағайындалды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметіне тағайындалды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Байжанов 2019 жылдың ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры болған, оған дейін 2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың ақпанына дейін президент көмекшісі- қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, 2015 жылдың ақпанынан 2018 жылдың қыркүйегіне дейін 2019 жылғыдай «Сырбарды» басқарған.

adimage