Kaspi Bank басқармасының құрамы өзгерді

Күні: 11:50, 04-01-2019.

Астана. 4 қаңтар. ҚазТАГ –  «Kaspi Bank» АҚ басқармасының құрамы өзгерді, деп хабарлады Қазақстандық қор биржасынан (KASE).
«Өзгертудің мәні – жоқ; лауазымды тұлғаның ТАӘ – Кирвалидзе Мамука; лауазымды тұлғаның лауазымы – басқарма төрағасының орынбасары», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Шешім 2018 жылдың 28 желтоқсанында қабылданған.
Соңғы өзгертулерді ескере отырып, банк басқармасының құрамында Павел Миронов, Юрий Диденко, Тенгиз Мосидзе және Гүлмира Жұмадиллаева қалды.
Еске салсақ, М. Кирвалидзе «Kaspi Bank» АҚ басқармасының құрамында 2017 жылдың сәуірінен бастап келе жатыр. Бұрын ол Грузияда, Украинада, Ресейде мұнай-газ және телекоммуникация салаларындағы компанияларда, қонақ үй бизнесінде және т.б. IT жобаларды жүзеге асырған.


Жаңалықтармен бөлісу: