Kaspi.kz жаңа бас директордың м.а. тағайындалды

Күні: 15:29, 29-10-2018.

Алматы. 29 қазан. ҚазТАГ – «Kaspi.kz» АҚ жаңа бас директордың міндетін атқарушы болып Нурдаль Чинтаев тағайындалды, деп хабарлады Қазақстан қор биржасының  (KASE) сайтынан.
«Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 25 қазандағы шешімімен Н.Чинтаев «Kaspi.kz» АҚ бас директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Юрий Диденко Kaspi.kz АҚ басқармасы құрамынан шығарылды, делінген хабарда.  
Kaspi.kz бақылаушы акционері - белгілі қазақстандық бизнесмен Вячеслав Ким –  «Kaspi Bank» АҚ акцияларының, «Magnum Cash&Carry» ЖШС үштен бір бөлігінің,  «Алсеко» АҚ  90%   және   «Колеса»  ЖШС үлесінің иесі.


Жаңалықтармен бөлісу: