«Үлкен жиырмалық» саммитінде ДСҰ реформасы талқыланатын болады

Алматы. 19 маусым. ҚазТАГ – «Үлкен жиырмалық» (G20) саммитінде сауда мәселесі, соның ішінде Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) реформасы талқыланатын болады, деп хабарлады Reuters.
«Жапония қаржы министрлігі жоғары лауазымды шенеунігінің айтуынша, келесі аптада Омскіде «үлкен жиырмалық» саммитінде сауда мәселесі бойынша, соның ішінде ДСҰ реформасы бойынша маңызды пікір-таластар болады. Осы айдың басында болған қаржы басшыларының жиналысында   G20 елдері коммюнике шығарды, онда сауда мен геосаяси шиеленістің «күшейгенін» және олар осы қауіптерге қарсы ары қарай шаралар қабылдауға дайын екендерін ескерткен еді», - делінген хабарда.
Жапония қаржы вице-министрі Масацугу Асакаваның айуынша, G20 қаржы басшыларының тобында оның мүшелері аталмыш шаралар валютамен айла-шарғы жасауға бағытталмайынша ультра-либералды кредиттік-ақшалай саясатқа негізделген айырбас бағамының кез келген өзгерісін қабылдайды деген жалпы түсінік бар.
«Жапония банкінің ультра-либеральды кредиттік-ақшалай саясаты валюта бағамына айла-шарғы жасауға емес, дефляцияны жеңуге бағытталған. Бұл G20 елдері арасында кеңінен танымал», - деп түсіндірді Асакава баспасөз мәслихатында.

adimage