Ұлттық банк экономиканың нақты секторын несеиемен қамтамасыз етуге Т600 млрд бөледі

Күні: 12:50, 12-10-2018.

Алматы. 12 қазан. ҚазТАГ – Сергей Зелепухин. ҚР Ұлттық банкі (ҚРҰБ) экономиканың нақты секторындағы жобаларды несеиемен қамтамасыз етуге  Т600 млрд бөлуді жоспарлауда, делінген қаржылай реттеуші хабарында.
«Мемлекет басшысының 5 қазанда Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы аясында берілген тапсырмаларына сәйкес, Ұлттық банк Қазақстан экономикасының нақты секторындағы басым жобаларды қолжетімді несиемен қамтамасыз ету мақсатында Т600 млрд көлемінде ұзақ мерзімді теңге өтімділігін ұсыну жоспарлануда», - делінген жұмада таратылған ҚРҰБ ақпарында.  
Бұл ретте атап өткендей, қазіргі уақытта реттеуші Үкіметпен бірлесе отырып, қаржымен қамтамасыз ету тетіктері мен шарттарын анықтау үшін жұмыс жасап жатыр.
«Жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында нарық жағдайында БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін пайдалану мүмкіндігі қарастырылған, оның ішінде 2018 жылы банктердің облигациялық бағдарламасына сәйкес жоспарланып, бірақ инвестиция үшін толығымен пайдаланылмаған 200 млрд теңге қаржы бар», - делінген хабарда.  
Осы бағдарлама аясында   БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері, қаржылай реттеуші ақпарына сәйкес, «нарықтық жағдайда 35 млрд теңге сомасында банктердің облигацияларына инвестицияланған. Оның табыстылығы жылына 11,5-12% құрайды»,


Жаңалықтармен бөлісу: