«МАЭК-Қазатомөнеркәсіптің» бұрынғы басшысы «Алматы суды» басқарады

Күні: 18:49, 02-09-2019.

Алматы. 2 қыркүйек. ҚазТАГ – «МАЭК-Қазатомөнеркәсіптің» бұрынғы басшысы Қайрат Әбдірәсілов «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын басқарды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Хабарда айтылғандай,  осы тағайындауға дейін Әбдірәсілов Қайрат Айтайұлы «МАЭК-Казатомпром» ЖШС (Маңғыстау атом энергетика комбинаты – Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысын су/жылуэлектрмен және сумен қамтамасыз ететін кәсіпорын) басқарды.
Бұрындары Астана қаласының Энергетика басқармасынның басшысы болды. Әр жылдары Алматы және Астана қалалары мен Атырау, Ақмола облыстарында экология және қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу жүйесінде басшылық қызметтерді атқарды.
Алматы қаласының сумен қамту және кәріз жүйелері коммуналдық кәсіпорыны жаңа басшысының алдына жұмыстың тиімділігін арттыру, цифрландыруды жеделдету, технологиялық процесстерді автоматтандыру, шығындарды оңтайландыру, ұсынылатын қызмет сапасын жақсарту бойынша міндеттер қойылды. Бұлардан өзге, өндірісті, желілер мен қондырғыларды модернизациялауды одан әрі жалғастыру қажет екені айтылды.
«Алматы Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны мегаполистің 1,5 млн. тұрғынын сапалы әрі үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ететін ҚР ең ірі кәсіпорындардың бірі.
"Алматы Су" МҚК бес мың километрден астам су және кәріз құбырларына 350 скважина мен су дайындайтын тазартқыш стансалар арқылы қалаға тәулігіне 600 мың текше метр су жібереді. Сумен қамту процессіне таза судың ондаған резервуалары мен насосты станциялар қатысады. Осынау ірі шаруашылықта 3,5 мыңнан астам адам жұмыс жасайды.


Жаңалықтармен бөлісу: