«Қылмыстық істі тергеу аясында "Майкаинзолото" АҚ-ның алты жауапты қызметкері ұсталып, Павлодар қалалық полиция басқармасы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу шаралары жалғасып жатыр»,- деп сәрсенбіде Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Еске салсақ, 4 қаңтарда сағат 01:25 шамасында Баянауыл ауданында «Майқайыңзолото» АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кеткен болатын.
Фото көзі: Комитет промышленной безопасности МЧС РК.