«Нұр Отан» филиалдарын әкімдердің басқаруы дұрыс емес, олар бәріне қызмет етуі керек - депутат

Ақтөбе. 29 қазан. ҚазТАГ – Әкімдер барлық халыққа қызмет етулері керек, «Нұр Отанға» ғана емес, деп санайды «Ақ жол» фракциясының депутаты Азат Перуашев.
«Барлық жерде «Нұр Отан» партиясының филиалдарын әкімдердің басқаруы дұрыс емес. Өңір басшысы шенеуніктердің ғана мүддесін ойламай, барлық азаматқа қызмет етуі керек», - деді Перуашев бейсенбі күні.
Депутат атап өткендей, «Нұр-Отан партиясының 1 млн мүшесі бар дейді».
«Ал еліміздің халқы 19 млн. Егер әкімдер тек өздерінің адамдарын ғана қолдайтын болса, қалған 18 млн. кімге сүйенеді? Мұндай тәжірибеден кету керек, мүмкін тіпті билік партиясы филиалдарын басқаруға тыйым салу керек шығар. Билікке ғана емес. Халыққа қызмет етсін», - деді Перуашев.

adimage