Нұр-Сұлтан мен тоғыз облыста дауылды ескерту жарияланды

Астана. 21 қыркүйек. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтан мен тоғыз облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«21 қыркүйекте Ақмола облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с сақталады. Нұр-Сұлтан қ: 21 қыркүйекте оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с сақталады. Көкшетау қ: 21 қыркүйекте оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%», - делінген дүйсенбіде жарияланған дауылды ескертуде.
21 қыркүйекте Атырау облысында кей жерлерінде солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Дауылдың ықтималдығы – 80-85%.
«Күндіз 21 қыркүйекте Ақтөбе облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: күндіз 21 қыркүйекте батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. Дауылдың ықтималдығы 95-100%», - делінген хабарда.
21 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 21 қыркүйекте күндіз оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел күтіледі. Дауылдың ықтималдығы 90-100%.
«21 қыркүйекте Қарағанды облысында кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Онтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Қарағанды қ.: күндіз 21 қыркүйекте онтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылдың ықтималдығы 70-75%», - делінген «Қазгидромет» хабарында.
21 қыркүйекте Қостанай облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Қостанай қ: 21 қыркүйекте оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Дауылдың ықтималдығы 90-95%.
«21 қыркүйек түнде Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Орал қ.: 21 қыркүйек түнде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан күндіз екпіні 18 м/с. Дауылдың ықтималдығы 90-95%», - деді метеорологтар.
21 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қ: 21 қыркүйекте оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Дауылдың  ықтималдығы – 90-95%.
«Күндіз 21, түнде 22 қыркүйекте Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Күндіз 21, 22 қыркүйекте кей жерлерде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: күндіз 21 қыркүйекте найзағай күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деді синоптиктер.

adimage