Құны Т160 млн болатын су құбыры желісі Кентау қаласы маңындағы Қарнақ ауылына жүргізілді

Күні: 19:01, 24-10-2014.

Шымкент. 24 қазан. ҚазТАГ - Құны Т160 млн болатын су құбыры желісі Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы маңындағы Қарнақ ауылына жүргізілді, деп хабарлады жергілікті БАҚ.  
«Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша Қарнак ауылына жаңа су құбыры желісі тартылды. Бұл мақсатқа мемлекеттен 160 миллион теңге бөлінді», - делінген жұмадағы жарияланымда.  
Хабарда Қарнак ауылы  тұрғындарының бірнеше жыл бойы су тапшылығын көріп келгені, құдықтан су алып жүргендері айтылған.  
«Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша жұмыстар жалғасуда.   Алдағы айларда басқа абоненттер де суға қосылады, ал олардың саны ауыл бойынша 60-тан астам.   Қарнақ ауылы әкімдігінің қызметкерлері жеке су есептегіш құралдарын орнату бойынша ауыл тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.  


Жаңалықтармен бөлісу: