Шымкент. 21 қазан. ҚазТАГ - «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша Түркістанда 140 отбасы пәтер алды, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«Түркістанда «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 140 отбасы баспаналы болды. Оларға екі көпқабатты үйлердегі пәтерлердің кілттері табысталды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Әкімдік ақпарынша, жаңадан қоныстанушылардың бірқатары 60 пәтерлі үйге орналасса, қалғаны 80 пәтерлі үйге орналасты.
Жаңа үйлердің құрылысына облыстық бюджеттен Т633 млн теңге бөлінген.
Баспасөз қызметінің ақпарынша, Түркістанда үй кезегінде 1,5 мың адам тұр.
«Оларды пәтерлермен қамтамасыз ету үшін қаланың шығыс жағында жаңа ықшам аудан салу жоспарлануда. Жобалық-сметалық құжаттамасын дайындап та қойдық. Егер қаржыландыру болса, онда келесі жылы бес көпқабатты үйдің құрылысы басталады», - деді әкімдікте.
Қатысты сілтемелер
-
Серік Жарасбаев туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды29 Қараша 2023, 18:19
-
Алматыда 460 көшетті жойылды: полиция күдіктілерді ұстады29 Қараша 2023, 17:11
-
Қарағандыда ЧВК «Вагнер» құрамында соғысқан қазақстандыққа үкім шықты29 Қараша 2023, 16:38
-
Қазақстанда қар жамылғысы қашан жайғасады?29 Қараша 2023, 16:13