«Қорғас» арқылы контрабандалық жолмен 1,2 мыңнан астам смартфонның қосалқы бөлшектерін алып өтпек болғандар ұсталды

Астана. 11 қаңтар. ҚазТАГ – «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастықтың халықаралық орталығы (ШЫХО) арқылы контрабандалық жолмен 1,2 мыңнан астам смартфонның қосалқы бөлшектерін алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсізідк комитетінің (ҰҚК) шекара қызметінің (ШҚ) баспасөз қызметінен.
«10 қаңтар күні кешке «Қорғас» ШЫХО шекара бақылауының бөлімшесінде шекарашылар Қазақстан Республикасының 35 жасар азаматын ұстады. Ол ШЫХО-дан Қазақстан Республикасына жаяу өткісі келген, ол өзімен бірге Iphone ұялы телефондарының (жүйелік тақтасы бар дисплейі – 1085 дана, корпусы – 230 дана) жалпы салмағы 88 кг болатын қосалқы бөлшектерін алып өтпек болған», - деп хабарлады жұма күні шекарашылар.
Сондай-ақ, аталмыш бөлімшені аралау кезінде Қазақстанға ШЫХО-дан кірер жерде ҰҚК ШҚ ақпарынша иесіз тұрған 100 дана Land Rover мобильді телефоны, сондай-ақ 88,2 кг қытайлық дәрі-дәрмек табылған. .
«Ұсталған тауарлар акті бойынша «Алтынкөл» кеден бекетінің қызметкерлеріне тапсырылды», - делінген хабарда

adimage