«Қорғас» арқылы өткізілетін қол жүгінің салмағы екі есе азаяды

Күні: 11:04, 13-11-2018.

Алматы. 13 қараша. ҚазТАГ – «Қорғас» арқылы өткізілетін қол жүгінің салмағы екі есе азаяды, деп хабарлады  Almaty.tv.
«Қазір алып өтетін тауардың салмағы 50 келі, кедендік құны 1,5 еуро болатын болса, Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап алып өтетін тауар салмағы 25 келі, кедендік құнын 500 долларға азайғалы отыр», – деп мәлімдеді «Қорғас» ШЫХО «Алтынкөл» кеден бекетінің бас маманы Бекен Нұрахметов.
«Қорғас» кеден бекетінен күніне орташа есеппен, 40 тоннадан астам қол жүгі өтеді екен.Көптеген келушілер қазірдің өзінде ұзын-сонар кезектен құтыла алады. Оларға жақында заманауи құрылғымен жабдықталған жүк терминалы қызмет көрсетеді.  
Хабарда атап өтілгендей, «Қорғасқа» күн сайын 4 мыңнан 6 мыңға дейін турист өтеді екен.
«Қытайлық тарапта біздің жүк қабылдайтын бес пунктіміз бар. Қазақстандық тарапта да турист жаңа қолайлы ғимарат орналасқан.  біз бұл жерде электронды кезек орнаттық, және келуші қабылдау пунктіне тапсырады, сосын жүктерін 45 минут ішінде ала алатындай бизнес-процесс жасалды.  Біз осыған қарай келе жатырмыз. Сондай-ақ Қазақстандағы цифрландыру аясында біз электронды кеденді енгізу жұмыстарын қолға алдық, яғни ШЫХО аумағында тауарларды есепке алу және жылжыту бойынша жаңа ақпараттық жүйе енгізіледі», – деді «Қорғас» ШЫХО жүк терминалының атқарушы директоры Нұрлан Жайлаубай.  


Жаңалықтармен бөлісу: