«Қорғас» шекара бекетінде көші-қон заңын бұзғаны үшін Қытайдың 7 азаматы ұсталды

Күні: 11:25, 10-11-2014.

Астана. 10 қараша. ҚазТАГ – Демалыс күндері шекарашылар шекара кеңістігінде 270-тен астам құқық бұзушыны ұстады, деп хабарлады ҚР ҰҚК шенкара қызметінің баспасөз қызметінен.  
Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Қорғас» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары Қытай елінің 7 азаматын тоқтатуға мәжбүр болды. Елімізден белгіленген уақытта шығып кетпеген азаматтар жаяу-жалпылап келе жатқан жерлерінен ұсталды.
Оңтүстіктегі «Сарыағаш» шекара отрядының шекарашылары да осындай жолмен келе жатқан, дәлірек айтқанда елдеріне қайтып бара жатқан 134 Өзбекстан азаматын ұстады.    
Сол секілді, еліміздің мемлекеттік шекарасын бұзып келе жатқан 130 шекара бұзушы бір мезгілде ұсталды. Олар негізінен Қазақстан Республикасының аумақтық және ішкі суларындағы тәртіпті, елімізде болу тәртібін және мемлекеттік шекара режимін бұзғандар болып табылады.  
Аталған деректер бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды. Ұсталғандар әкімшілік жазаға тартылатын болады.


Жаңалықтармен бөлісу: