«Қорғас» ШЫХО басшысы тағайындалды

Талдықорған. 13 ақпан. ҚазТАГ – «Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының (ШЫХО) басшысы болып Дінмұхамед Әбсаттаров тағайындалды.
«Бүгіннен бастап мен «Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы қызметіне ауысып жатырмын», - деп жазған Әбсаттаров сәрсенбіде өзінің Facebook парақшасында.
Бұған дейін ол 2019 жылдың наурызынан бастап Түркістан облысы бойынша «Атамекен» өңірлік кәспікерлер палатасының директоры, оған дейін 2018 жылдан 2019 жылдың наурызына дейін «Атамекен» ұлттық кәспікерлер палатасының сауда департаментінің директоры – басқарушы директоры, оның алдында 2018 жылы ҰКП басқармасы төрағасының кеңесшісі болған.

adimage