«Қорғаста» 13 тонна иесіз жүк табылды

Күні: 13:18, 14-03-2019.

Алматы. 14 наурыз. ҚазТАГ – «Қорғас» ХШЫО аумағында халық тұтынатын 13 тоннадан астам иесіз тауар табылды, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.  
«Қорғас» шекаралық бақылау отрядының шекаралық жасағы  «Алтынкөл» кеден бекетінің қызметкерлерімен бірге орталық аумағын тексеру барысында ҚР-ға кіретін залдан иесіз жүкті тапқан  – Қытайда шығарылған халық тұтынуға арналған жалпы салмағы 13072 кг зат», - делінген хабарда.    
Табылған зат баспасөз қызметінің ақпарынша «Алтынкөл» КБ-ге тапсырылды.  


Жаңалықтармен бөлісу: