Астана. 29 наурыз. ҚазТАГ - «Қорғаста» үш қазақстандықтан Т7 млн-ның контрабандалық жүгі тәркіленді, деп хабарлады ҚР ҰҚК шекара қызметінің (ШҚ) баспасөз қызметінен.
«Кеше түнде қорғастық шекарашылар елге Т6,95 млн соманың контрабандалық жүгін алып өтпек болған Қазақстанның үш азаматын ұстады. Контрабандашылардан «Голден Дир» және «Алюр» темекі өнімдерінің 35 қорабын тәркіледі, оны «Қорғас» Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының бақылау-өткізу пунктінің аумағындағы шекарадан өтетін көліктерге арналған тұрақ жанындағы арыққа жасырған», - делінген жұмадағы хабарда.
Шекара қызметінен нақтылағандай, иесіз затты шекара жасағы кешке қарай байқап қалған.
«Алайда жүктің иелерін анықтау үшін оларды жасырын бақылайтын жасақ қою туралы шешім қабылданған. Нәтижесінде таңға жуық сағат 04.00-де құқықбұзушылық орын алған жерде 28, 29 жасар үш Қазақстан азаматы ұсталған. Олар Панфилов АІІБ берілген», - деді ҚР ҰҚК ШҚ-нен.
«Қорғаста» үш қазақстандықтан Т7 млн-ның контрабандалық жүгі тәркіленді
