«Орал апталығы» сайты бірқатар сыни материалдарынан кейін 16 желтоқсан қарсаңында бұғатталды

Алматы. 13 желтоқсан. ҚазТАГ – Батыс Қазақстан облысының танымал өңірлік басылымы "Орал апталығы» бірқатар сыни материалдарынан кейін 16 желтоқсан қарсаңында бұғатталды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Орал апталығы» сайты бұғатталды. Үш себеп көріп отырмын: 16 желтоқсанның жақындауы (осы күні Жаңаөзенде қайғылы жағдай болған), жергілікті биліктің жемқорлық жобаларын сынға алу – «Ақ жайық» ықшамауданы мен «Шаған» арқылы өтетін көпір; БҚО полициясы жұмысын сынға алу, соның ішінде генерал Аблазимовтың жұмысын», - деді жұма күні журналист Рауль Упоров.
Еске салсақ, 15 қазанда «Орал апталығы» Орал тұрғындарының жергілікті биліктің ағаштарды жаппай кесу туралы жоспарымен келіспейтіндерін, азаматтық қозғалыс құруды шешкендерін хабарлаған болатын. Тұрғындар Шаған арқылы өтетін көпір құрылысы үшін ағаштарды жаппай кесуге бірауыздан қарсы болып отыр. Олар қалалық биліктен жобаны қайта қарауды және оның баламалы шешімін табуды сұрауда. 7 қарашада белгілі болғандай, Орал әкімдігі қарсылыққа қарамастан 1,5 мың ағашты кесуден бас тартар емес. 12 қарашада хабарланғандай, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Ысқалиев резонанс тудырған мәселеде Орал тұрғындарының пікіріне құлақ асуға уәде берді. 11 желтоқсанда «Орал апталығы» Орал тұрғындарының Шаған арқылы өтетін көпір бойынша қоғамдық тыңдалым өткізу барысында бұзушылықтарға жол берілгенін айтқанын жазды.
«Орал апталығы» белсенді түрде жариялап жүрген тағы бір резонансты тақырып – Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің (ПД) бастығы Махсудхан Аблазимовтың қатысуымен болған жанжал. 18 қараша күні кешкісін Аблазимов 21 жасар Лариса Бейсованы патрульдік машина қағып кеткен ЖКО орнына барған. Сол жерде блогер Айболат Бөкенов болған, ол ЖКО жағдайын смартфонының камерасына түсірген.
«Блогер генаралдан түсінік беруін сұрағанда, ол блогерге өзін түсіруге тыйым салған, кейін, Айболат Бөкеновтың айтуынша, генарал блогердің қолынан смартфонын тартып алып, қол астындағыларға ЖКО-ға қатысы бар барлық фото мен видеоны гаджеттен өшірулерін бұйырған. Сондай-ақ, генерал Аблазимовтың бұйрығы бойынша Бөкенов наркологияға, кейін Зачаганск полиция бөліміне жеткізілген, ол жерде блогерге қатысты ҚР ӘҚбК 667 бабы «полиция қызметкерінің заңды бұйрығына немесе талабына бағынбау» бойынша әкімшілік хаттама толтырылған», - деп жазды басылым.
Кейін басылым Махсудхан Аблазимовтың байлығы $167 млн. көлемінде деп бағаланған долларлық мультимиллионер Бахаридин Аблазимовтың туған ағасы екенін жазды.
«Орал апталығы» ақпарынша, Тимур Құлыбаевпен, Дінмұхамед Ыдрысовпен және басқа да бизнесмендермен бірге Бахаридин Аблазимов Маңғыстау облысында орналасқан «ҚазАзот» ЖШС иелік етеді, ал ішкі істер органын сегіз жыл бойына (2001 жылдан бастап 2009 жылға дейін) Махсудхан Аблазимов басқарып келеді. Сондай-ақ, Бахаридин Нугмановичтің «Аңсаған Петролеум» ЖШС, «Матен Петролеум» АҚ, «ТриасМұнайГаз» ЖШС және «Petro Chemical Company» ЖШС үлестері бар.
10 желтоқсанда ҚазТАГ ХАА БҚО тұрғындарының полицейлердің қатысуымен орын алған резонансты ЖКО-лардан кейін Махсудхан Аблазимовтың отставкаға кетуін жаппай талап етіп жатқанын жазды, соңғы ЖКО 7 желтоқсанда сағат 3.00 шамасында Оралда Жәңгір хан көшесінде Audi B4 жүргізушісі 29 жасар қыз бала айдап келе жатқан Chevrolet Lacetti маркалы көлігіне соққан. Жергілікті БАҚ ақпарынша, Audi көлігінің рөлінде Орал ПБ ЖПҚБ ПИЖУ полиция инспекторының көмекшісі полиция аға лейтенанты Медет Рахадилов болған, ол 30 қарашадан бері кезекті еңбек демалысында жүр екен. ЖКО салдарынан 29 жасар қыз бала ашық бас сүйек жарақаты диагнозымен аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді, кейін қайтыс болды. Оның артында төрт баласы қалды.
Өңірде полицейлердің қатысуымен тағы екі ЖКО осының алдында болған еді.
Жаңаөзендегі қайғылы жағдай 2011 жылдың 16 желтоқсанында орын алған еді, ол кезде әлеуметтік қарсылық салдарынан 15 адам мерт болып, жүздегені жарақаттанып, қамауға алынған болатын.

adimage