Астана. 16 сәуір. ҚазТАГ - Қордайлық шекарашылар қалтасында 4 кг сынабы бар Қырғызстаннан келе жатқан қазақстандықты ұстады, деп хабарлады ҚР ҰҚК шекара қызметінің (ШҚ) баспасөз қызметінен.
«15 сәуірде шамамен 17.00-де Қордай шекара жасағы «Қордай көлік» бөлімшесінде 69 жасар егде адам – Қырғызстаннан Қазақстанға жаяу келе жатқан Қазақстан Республикасының азаматын ұстады. Шекара жасағы оның жоғарғы қалтасынан салмағы әрқайсысы 1960 гр болатын 2 шыны банкасын тапты (жалпы салмағы 3920 гр), оларға «М.» әрпімен пломба жасалған. Банканың ішінде шамамен «Луна «М» - Сынабы» бар», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Шекара қызметінде атап өтілгендей, істің мән-жайын Қордай аудандық полиция бөлімшесі анықтауда.
Қатысты сілтемелер
-
Ақтөбе облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті27 Наурыз 2024, 16:34
-
Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу жұмыстары аяқталды27 Наурыз 2024, 16:04
-
Ақтөбе әуежайы еріген су тасқынына байланысты жабылды27 Наурыз 2024, 14:51