Қостанай облысында сенбі күні бұршақ жауады деп күтілуде

Астана. 7 маусым. ҚазТАГ – Қостанай облысында сенбі күні бұршақ жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«8 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Қостанай қ: 8 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген жұмада таратылған дауылды ескертуде.
Дабылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage