Қостанайда пойыз жолаушысын зорлаған екеуі бірге бес жылдан аз мерзім алды

Күні: 12:52, 26-07-2019.

Алматы. 26 шілде. ҚазТАГ – Қостанайда пойыз жолаушысын зорлағандар екеуі бірге бес жылдан аз мерзім алды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Құрманиязов Қолқанатқа 2,5 жыл, Жетес Үмбеталиевке 2,3 жыл! «Тальгодағы» зорлау ісі – Қазақстан үшін масқара!»,- деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында «Немолчиkz» қозғалысының белсендісі Дина Смаилова.
Зорлау туралы 2018 жылдың қарашасында белгілі болды. Зардап шегуші ғылыми конференциядан қайтып келе жатқан, пойыз купесінде ол жалғыз болған, сол кезде оған екі жолсерік тиісіп, соққыға жығып, зорлаған. Бұл іс қоғамдық резонанс тудырып, екі жолсерік жұмыстарынан шеттетіліп, кейін қамауға алынды.
Смаилова сонымен қатар зардап шегушіні қудалау әрекеті туралы да айтты.
«Қазақстандағы барлық БАҚ-тың жұмыс поштасына «Тальго» ісі бойынша зардап шегушінің суреті жаппай тарап кетті! Ол туралы жағымсыз сөздер жазып, ашықтан ашық жала жапты, суретте зардап шегушінің аты мен тегі жазылған», - деді белсенді.


Жаңалықтармен бөлісу: