Questra World қаржы пирамидасында қазақстандықтар Т1 млрд астам қаржысын жоғалтты

Астана. 21 қыркүйек. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Questra World қаржылай пирамидасына ақшаларын салған қазақстандықтар Т1 млрд астам жоғалтты, деп хабарлады Қазақстанның ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділда Ораз.
«ҚР ІІМ тергеу департаменті 2016 және 2017 жылдары Questra World, Questra Holding, Atlantic Global Asset Management, Five Winds Asset Management атауларымен қаржылай пирамида құрған Қазақстан мен басқа елдердің бірқатар азаматтарына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Олардың әрекетінен мыңдаған қазақстандық зардап шеккен, олардың шығын көлемі Т1млрд асқан», - деді Ораз дүйсенбідегі брифингте.
Бұған дейін хабарланғандай, қаржылай пирамиданы құрушылардың бірі Беларусиядан Қазақстанға экстрадицияланды.

adimage