ҚР АҚДМ митингтердегі журналистердің жұмыс жасау тәртібін бекіту құқығына ресми түрде ие болды

Күні: 15:48, 05-08-2020.

Астана. 5 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналистердің митингтердегі жұмыс жасау тәртібін бекіту құқығына ресми түрде ие болды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ережеде (…): 16 тармақ 1) тармақшасы келесі мазмұндағы жүзінші, жүз бірінші және жүз екінші азат жолдармен толықтырылсын: «бейбіт жиындардағы журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі ) қызметінің ережесін, журналисттің айрықша белгісінің формасын бекіту; бейбіт жиындарды ұйымдастырушыларды ерекшелейтін белгілерінің формасын әзірлеу және бекіту; «Жыл еріктісі» халықаралық сыйлығын тағайындау ережесін бекіту», - делінген сәрсенбіде ұсынылған 30 шілдедегі үкімет қаулысында.
Еске салсақ, 25 мамырда ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасында бейбіт жиындар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» ҚР Заңына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заңына қол қойды.
17 маусымда АҚДМ бейбіт жиындарға қатысатын журналистер қызметі ереджесінің жобасын ұсынды, соған сәйкес журналистер үшін ерекше белгілер ретінде көк жапсырма, ашық көк жилеті және жеңіне тағатын ашық сары таңғышы болу керек. 27 маусымда басқа жоба ұсынылды, оған сәйкес Қазақстанда бейбіт жиынды ұйымдастырушыларды жасыл жилет киюге міндеттеді, алайда екі аптадан кейін – 12 шілдеде белгілі болғандай, жоспар өзгерген, енді бейбіт жиын ұйымдастырушыларға қою қызғылт жилет кию ұсынылған.


Жаңалықтармен бөлісу: