ҚР-да аса қауіпті инфекция орталығы құрылып, тоғыз обаға қарсы станция қайта құрылды

Астана. 7 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанда аса қауіпті инфекция орталығы құрылып, тоғыз обаға қарсы станция қайта құрылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің «Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен республикалық мемлекеттік мекемелер аталмыш қаулының қосымшасына сәйкес бірігу және қайта құру арқылы бақылаушы кеңес енгізіле отырып, Қазақстан Республикасы денсаулық министрлігінің «Масғұт Айқымбаев атындағы ұлттық аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығы» ШЖҚ РМҚК болып қайта құрылсын», - делінген үкімет қаулысында.
Қосымшаға сәйкес, Ақтөбе, Арал теңізі, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Талдықорған, Орал және Шымкенттегі обаға қарсы станциялар қайта құрылды.
Еске салсақ, Қазақстан билігінің аса қауіпті инфекциялар орталығын құру және тоғыз обаға қарсы станцияларды қайта құру туралы жоспарын ҚазТАГ ХАА 2018 жылдың 25 қазанында хабарлаған еді.

adimage