ҚР-да салықтық рақымшылық басталғалы бері бизнесмендер мен жеке тұлғалардың Т7,8 млрд астам өсімпұлдары мен айыппұлдары алынып тасталған

Астана. 12 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанда салықтық рақымшылық басталғалы бері бизнесмендер мен жеке тұлғалардың Т7,8 млрд астам өсімпұлдары мен айыппұлдары алынып тасталған, деп хабарлады қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитетінің (МКК) баспасөз қызметінен.
«Бүгінгі таңда 43 755 салық төлеуші салықтық рақымшылықты қолданды, олар Т15,3 млрд. сома құраған берешектерін ғана төледі. Олар бойынша Т5,2 млрд өсімпұл мен Т0,3 млрд айыппұл алынып тасталды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Сонымен қатар, МКК ақпарынша, ағымдағы сәтте 549 мыңнан астам азаматтың Т2,3 млрд. сомасы алынып тасталған, олар Т12,6 млрд. сома көлеміндегі өз берешектерін төлеген.

adimage