ҚР сөрелерінен ресейлік төрт компанияның сапасыз ет өнімдері алынып тасталуда

Күні: 15:11, 24-10-2018.

Астана. 24 қазан. ҚазТАГ – ҚР сөрелерінен ресейлік төрт компанияның сапасыз ет өнімдері алынып тасталуда, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің (ҚДҚК) баспасөз қызметінен.  
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу шеңберінде Қазақстанға мына өндірушілер жеткізетін тамақ өнімдерінің сынамаларында жалпы микробтық тұқымдану көрсеткіші бойынша: «ФинИнвест» ЖШҚ (РФ) – «Котлетный» тартылған ет сынамасында; «СПК Курников» ЖШҚ (РФ) – «Натуральный», «Крестьянский» тартылған ет сынамаларында; «Ставропольский бройлер» ЖАҚ (РФ) – бройлер балапаны қанаты сынамаларында; «Микояновский мясокомбинат» ЖАҚ (РФ) – «Особая со шпиком» шұжық сынамасында гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттер талаптарының  бұзушылықтары анықталғанын  хабарлайды. Қазіргі уақытта сапасыз өнімдерді өткізушілерге қатысты, оның ішінде сауда объектілерінен сапасыз тауарды алып тастау бойынша әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдануда», - деп хабарлады сәрсенбіде ҚДҚК-нен.  
Хабарда атап өтілгендей, бұзушылықтар өнім қауіпсіздігі мониторингін жүргізу аясында анықталған.  


Жаңалықтармен бөлісу: