Құрбан-айтта Ақтаудағы облыстық мешіт жанында телескоп орнатылды

Күні: 14:01, 05-10-2014.

Ақтау. 5 қазан. ҚазТАГ – Ақтау тұрғындары биыл Құрбан айтта жұлдызды аспанды телескоп арқылы көре алды, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
4 қазан, сенбі күні, сағат 08.00-де облыстық орталық мешітте айт намазы оқылды, одан соң мұсылмандар құрбандық шалуға кірісті.
Айт намазына келген облыс әкімі Алик Айдарбаев барша жұртты және  облыс тұрғындарын мұсылмандардың мерекесімен құттықтап, бар табысты тіледі. Облыс басшысы да өз атынан құрбандық шалдырды.
Діни мереке құрметіне мешіт жанынан арнайы мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. 6 киіз үй орнатылып, дастархандар жайылды. Қазақша күрес, кір тасын көтеруден жарыс өтті. Тұрмысы төмен отбасыларына қайырымдылық акциялары ұйымдастырылып, халал тағамдардың жәрмеңкесінда баға базардағыдан арзан болды. Кешкісін қалауы барларға жұлдызды аспанды көруі үшін облыс мешітінің аумағында телескоп орнатылды.


Жаңалықтармен бөлісу: