Құрманов ҚР ауыл шаруашылық вице-министрі болып тағайындалды

Алматы. 20 наурыз. ҚазТАГ – Рүстем Құрманов ҚР ауыл шаруашылық вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады ҚР премьер-министрі баспасөз қызметінен.
«Үкімет Қаулысымен Рүстем Құрманов ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды», - делінген хабарда
Құрманов 2018 жылдың маусымынан 2019 жылдың ақпаны аралығында - «ҚазАгро» холдингі басқармасының төрағасы болған.
«2012–2013 жылдары ҚР АШМ инвестициялық саясат департаментінің директоры қызметін атқарған. 2013–2015 жылдары — ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы. 2015 жылдан бастап 2016 жылға дейін ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешенінде комитет хатшысы болып жұмыс істеген. 2017 жылдың шілде айынан бастап ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымын атқарған», - делінген хабарда.

adimage