Астана. 5 қыркүйек. ҚазТАГ - Сәрсенбі күні Қазақстанның солтүстік-батысында және солтүстігінде ғана жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Ауқымды антициклон республиканың басым облыстарына өзінің ықпалын тигізеді, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек Қазақстанның солтүстік-батысында және солтүстігінде төмен қысымның ықпалына байланысты аздаған жаңбыр жауады деп күтілуде. Кей жерлерде жел тұрады, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысы мен орталығында түнде және ертеңгісін кей жерлерде қатқақ сақталады», - деп хабарлады синоптиктер.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел тұрады, +17+19. Ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтілмейді.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +23+25.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және ертеңгісін, Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман күтіледі, +15+20, +13+18, +13+18, +12+17, +20+25. Бұл ретте СҚО-да аздаған өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді.
Түркістан, Маңғыстау облыстарында - кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күн ашық, жауын-шашынсыз, екі өңірде де +25+30.
Жамбыл облысында – кей жерлерде тұман, 15-20 м/с жел тұрады, күн ашық, +23+28.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман, аздаған өткінші жаңбыр жауып, күн күркіреуі мүмкін, күндіз 15-20 м/с жел тұрады, +15+20.
Қызылорда облысында күн ашық, жауын-шашынсыз, ертеңгісін және күндіз шаңды дауыл соғады, 15-20 м/с жел тұрады, +23+28.
Алматы, Батыс Қазақстан, Атырау және Ақмола өңірлерінде күн ашық, жауын-шашынсыз, сәйкесінше, +21+26, +25+30, +25+30, +15+20.
Қызылорда, Түркістанда, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерде -1-2 дейін қатқақ күтіледі.
Сондай-ақ, алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы жекелеген өзендерде су деңгейінің құбылуы күтіледі.
Сәрсенбі күні Қазақстанның солтүстік-батысында және солтүстігінде ғана жаңбыр жауады деп күтілуде
