Сейсенбі күні Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Күні: 09:30, 25-06-2019.

Астана. 25 маусым. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардвң өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, тұрақсыз ауа рйаы сақталады, кей жерлерде жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстігі мен шығысында – тұман, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз», - деп хабарлады синоптиктер.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады, найзағай. Түнде және ертеңгісін тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады 3-8 м/с. Ауа температурасы күндіз +28+30, түнде +15+17.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +30+32, түнде +16+18.
Шымкентте күн ашық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз +36+38, түнде +19+21.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, дауыл, 15-20 м/с жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, күндіз күн қатты ыстық болады, басым бөлігінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +27+32, түнде +15+20.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты найзағай болады, түнде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз кей жерлерде дауыл тұрады, 15-20 м/с жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +22+27, түнде +13+18.
Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл, 15-20 м/с жел тұрады, қатты ыстық болады, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз +23+28, түнде +10+15.
Ақмола облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жаууы, мүмкін, түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +28+33, түнде +13+18.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай, 15-20 м/с жел тұрады, түнде және ертеңгісін тұман күтіледі. Күндіз +22+27, түнде +7+12.
Маңғыстау облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады, күндіз қатты ыстық сақталады. Ауа температурасы күндіз +34+39, түнде +20+25.
Қостанай облысында күндіз кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, найзағай болады, 15-20 м/с жел тұрады, қатты ыстық болады, кей жерлерде төтенше өрт қауіпсіздігі сақталады. Ауа температурасы күндіз +27+32, түнде +13+18.
Павлодар облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +25+30, түнде +10+15.
Ақтөбе облысында күндіз қатты ыстық, кей жерлерде өте қатты ыстық болады, кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі де сақталады. Ауа температурасы күндіз +33+38, түнде +16+21.
Түркістан облысында күндіз күн қатты ыстық болады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +36+41, түнде +18+23.
Қызылорда облысында күндіз күн қатты ыстық болады, төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +38+43, түнде +19+24.
Атырау облысында күндіз кей жерлерде аздаған өткінші жаңбыр жауады, найзағай түседі, күндіз қатты ыстық сақталады, басым бөлігінде төтенше өрт қауіптілігі де сақталады. Күндіз +34+39, түнде +21+26.
Алматы облысында кей жерлерде төтенше өрт қауіптілігі сақталады. Күндіз +29+34, түнде +16+21.
Жамбыл облысында ауа температурасы күндіз +32+37, түнде +16+21.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді, су деңгейінің құбылуы байқалады. Жазықтық аумақтардағы өзендерде гидрологиялық режиімде өзгеріс күтілмейді», - деді синоптиктер.



Жаңалықтармен бөлісу: