ҰҚШҰ елдерінің 130-дан астам әскери қызметшісі Қазақстанның жоғары әскери оқу орындарында білім алуда

Күні: 18:43, 17-11-2014.

Астана. 17 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанның төрт ЖОО-сында Армениядан, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан келген 130-дан астам әскери қызметші білім алуда, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Ұжымдық қаупсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мелекеттердің әскери оқу орындары мен ғылыми ұйымдары осы Ұйымның әскери құрамдас бөлігін дамытуда маңызды орынға ие болып келеді.
Бұл туралы Екатеринбургте өткен ҰҚШҰ Әскери кеңесінің отырысында сөз болды.
Әскери оқу орындарында ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттер әскери қызметшілерінің даярлығын жетілдіру мәселелері аясында әскери кадрларды даярлау 44 жоғары оқу орнында, соның ішінде төрт Қазақстаннның әскери оқу орнында жүргізіліп келе жатқаны атап өтілді. Бүгінгі таңда біздің елімізде Армениядан, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан келген 130-дан астам әскери қызметші білім алуда», - деп көрсетілген дүйсенбі күні әскери комитет отырысының қорытындысына арналып таратылған хабарда.
Хабарда айтылғандай, ҰҚШҰ Әскери комитетінің отырысында бұдан басқа ұжымдық қауіпсіздік өңірлеріндегі әскери қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлер, Біртұтас (Біріккен) әуе шабуылына қарсы және зымыран шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін құру, ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттер Ұжымдық күштерін басқаруды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
ҰҚШҰ Әскери комитетінің отырысына Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов бастаған қазақстандық делегация қатысты.
Ұжымдық қаупсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) 1992 жылғы 15 мамырда ТМД-ға мүше мемлекеттер қол қойған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт негізінде құрылған. ҰҚШҰ құрамына Армения, Беларуссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді.


Жаңалықтармен бөлісу: