Ақтөбе. 7 қараша. ҚазТАГ - СНПС-Ақтөбемұнайгаз жаңа бас директоры болып Вэй Юйсян тағайындалды, деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директоры болып В. Юйсян тағайындалды. Жаңа басшыны компания ұжымына Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев және Қазақстандағы «СНПС Интернационал» компаниясының бас директоры Биан Дыжы 6 қараша күні таныстырды», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Өңір басшысы жаңа бас директордың алдына мұнай мен газ өндірісінің көлемін төмендетпеу, инвестиция тарту, тауарларды, қызметтер мен жұмысты сатып алуда жергілікті қазақстандық мазмұнды арттыру, қатардағы қызметкерлердің жалақысын өсіру, қазақстандық мамандарды оқыту, келісім шарт талаптарын толық орындау бойынша бірқатар тапсырмалар қойды.
Сондай-ақ, облыс әкімі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында белсенді ынтымақтастықты жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Хабарда атап өтілгендей, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ Ақтөбе облысы аумағында өндірілетін мұнайдың 67%-ы, газдың 88%-ы тиесілі. Қазақстанның мұнай нарығындағы компанияның үлесі 7,7% құрайды, көмірсутекті шикізатты өндіру көлемі бойынша акционерлік қоғам Қазақстандағы жетекші мұнайгаз операторларының бестігіне кіреді.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Ұранхаевты Абай облысының әкімі қызметінен босатты
14 Ақпан 2025, 17:21 -
Ермек Көшербаев Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды
14 Ақпан 2025, 16:05