Құтқарушылар ҮАК мұзында сырғанаудың қауіптілігін ескертті

Күні: 13:08, 07-12-2018.

Алматы. 7 желтоқсан. ҚазТАГ – Үлкен Алматы көліндегі (ҮАК) мұзда сырғанау аса қауіпті, деп хабарлады Алматы ТЖД баспасөз қызметінен.
«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес, алдағы күндері ауа температурасы көтеріледі, сол себепті Үлкен Алматы көлінің қатпаған мұзына шығу өте қауіпті. Осыған байланысты, мерекеде және демалыс күндерінде өздерін және өзінің туыстары мен жақындарын уайымға салдырып, оқыс оқиға тудырмау үшін, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қатқан су арналарында коньки немесе шанамен сырғанамауды, су арналарындағы мұздан өтіп, балық ауламауды ескертеді», - деп ескертеді жұмада құтқарушылар.
Мұз басқан су арналары әрдайым ерекше қауіп тудырады, себебі мұз жамылғысы қатпаған жұқа болуы және кез-келген уақытта адамның аяғының астында жарылып кетуі мүмкін.
«Қазіргі уақытта Үлкен Алматы көліндегі мұздың қалыңдығы 10 см, тереңдігі 20 метрді құрайды. Конькимен жалғыз адам сырғанау кезінде мұздың қалыңдығы кемінде 12 сантиметр, ал одан көп адам болған жағдайда 25 сантиметрден артық болуы тиіс деп саналады. Бұдан басқа, Үлкен Алматы көлінің бөгеті бойынша шлюздер бар, ал дренаждық жерлерде мұз жұқа болады», - деді құтқарушылар.
Жалпы алғанда, жыл басынан бері Республиканың су қоймаларында 186 адам қаза тапты, ал қыста мұзға құлағандарды қоса алғанда, зардап шеккендердің саны - 367 адамды құрады.
Еске салсақ, 4 желтоқсанда әлеуметтік желілерде мәнерлеп сырғанаушы Ксения Панкратованың ҮАК-де сырғанап жүрген видеосы тарады. Әлеуметтік желі қолданушылары көл суының Алматыдағы сумен жабдықтау жүйесіне берілетінін айтып, аталмыш роликке теріс пікір қалдырған. 5 желтоқсанда «Алматы Су» аталмыш ақпаратты теріске шығарып, коммуналшылар ҮАК суды тікелей алмайтынын атап өтіп, қала тұрғындарына берілетін судың тазалаудың бірнеше кезеңінен өтетінін жеткізді.


Жаңалықтармен бөлісу: