Құтқарушылар Арыстағы әскери бөлім аумағында жарылыстың тоқтағаны туралы хабарлады

Алматы. 25 маусым. ҚазТАГ – Құтқарушылар Арыстағы әскери бөлім аумағында жарылыстың тоқтағаны туралы хабарлады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«2019 жылдың 25 маусымы сағат 12.00-дегі жағдай бойынша әскери бөлім аумағында жарылыс тіркелмеген», - деп жеткізді сейсенбіде Қазақстанның ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
Құтқарушылар нақтылағандай, төтенше жағдайды және оның салдарын жою орнындағы ІІМ күші мен құрылымының топтары жеке құрамдағы 1263 астам адам мен 187 бірлік техникадан тұрады: соның ішінде азаматтық қорғаныс органының 363 қызметкері мен 49 бірлік техникасынан; полицияның 358 қызметкері мен 75 бірлік техникасынан; Ұлттық гвардияның 542 әскери қызметкері мен 63 бірлік техникасынан тұрады.
«Арыс қаласының аумағында ТЖК өрт сөндіру қызметінің күшімен 45 өрт (21 тұрғын үй, тоғыз шаруашылық жай, 15 табиғи өрт) сөндірілді», - деді ТЖК-ден.
Хабарда атап өтілгендей, Түркістан облысы полиция департаментінің, Ұлттық гвардияның №6506 Әскери бөлімінің күшімен Арыс қаласын қоршау және патрульдеу жүзеге асырылуда (алты блок-бекет, 75 жасақ).
«Облыстың ПД қызметкерлері тонаудың екі дерегінің алдын алды: 24 маусымда Арыс қаласы Жетісай ауданында үш адам ұсталды. Олар сағат 18.00-де Әкімбаев көшесіндегі дүкенде халық тұтынатын тауарларды ұрламақ болған», - деді құтқарушылар.
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, сағат 9.20-да өрт сөндіру қызметінің тетігіне Түркістан облысы Арыс қаласында №44856 әскери бөлімнің аумағындағы қоймада жарылыс болғаны туралы хабар келіп түскен. Қорғаныс министрлігінде нақтылағандай, қоймадағы жарылысқа өрттің шығуы себеп болған. Қорғаныс министрлігінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ деп мәлімдеді, ал оқиға орнына арнайы құрылған комиссия жіберілген. Сонымен қатар Арысқа Қазақстан қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев келді.
Аталмыш дерек бойынша Шымкенттегі ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы ҚР ҚК 462б.1б. (қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауiп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық істі тіркеді. Жағдай ішкі істер органының бақылауында.
Сондай-ақ, Түркістан облысының әкімдігінде әкімдік жанынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін «Түркістан» корпоративті әлеуметтік даму қорының құрылғанын айтты.
ҚР ІІМ ақпарынша, ТЖ салдарынан екі адам қаза тапқан – біреуі әскери қызметкер, біреуі Арыс тұрғыны, зардап шегушілердің екеуі жан сақтау бөлімінде жатыр, 34-і ауруханада, 12-сіне медициналық көмек көрсетілді, ауруханаға жатқызылған жоқ. Ол атап өткендей, снарядтардың ұшуынан әскери бөлім қоймасындағы өртті сөндіру қиындап отыр. Сонымен қатар, ол нақтылағандай, қаланың өзінде 23 өрт сөндіру есебі жұмыс жасап жатыр, олар 19 тұрғын үйдегі, тоғыз шаруашылық жайдағы, 14 қала маңындағы өртті сөндірген.
ІІМ ақпарынша, қаладан шамамен 41 мың халық эвакуацияланған, периметрі бойынша блокбекеттер қойылған, себебі үйлерге зақым келуде, сондай-ақ, жарылмаған снарядтар да бар, қалаға кіруге тыйым салынған, кіретін және шығатын көліктер тексерілуде.
Бұған дейін хабарланғандай, оқиға орнында тоғыз минасыздандыру тобы жұмыс жасап жатыр.


adimage