Астана. 20 ақпан. ҚазТАГ - Құтқарушылар Астанадағы құдықта өлі табылған 13 жасар баланың өлімін анықтауда, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрлігі (ІІМ) төтенше жағдайлар комитеті (ТЖК) ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
«19 ақпан күні сағат 16:53-те Астананың Теміржол тұрғын алабында Орталық өңірлік аэромобильді шұғыл-құтқару жасағының құтқарушылары 2006 жылы туған баланы іздестіру жұмыстарын жүргізді. Ол 16 ақпанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Сағат 23:40-та еріктілер ашық жатқан кәріз құдықтарының бірінен жоғалған баланың денесін тапты. Құтқарушылар мәйітті сыртқа алып шықты. Оның қалай қайтыс болғандығы анықталуда», - деді Н. Нұрахметов сәрсенбіде.
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, Астанада төрт күн бұрын жоғалып кеткен 13 жасар Өмірхан Бақдәулет құдықтан өлі табылған.
«Өмірхан Бақдәулет үйінен 200 метр қашықтықта орналасқан құдықтан өлі табылды. Ол 16 ақпанда үйінен 40-шы станциядағы мұзға сырғанақ тебуге шыққан», - деп жазған сәрсенбіде «Астана – Что? Где? Когда?» Facebook-қоғамдастығының әкімшісі Ерлан Сәкенов 20 ақпанда.
Баланы іздеуге соңғы бірнеше күн бойы еріктілер атсалысқан болатын.
Құтқарушылар Астанадағы құдықта өлі табылған 13 жасар баланың өлімін тексеруде
