Тоқаев Нью-Йоркте БҰҰ бас ассамблеясы алаңында бірқатар кездесулер өткізді

Астана. 25 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) бас ассамблеясы (БА) алаңында бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«БҰҰ Бас Ассамблеясы 74-ші сессиясының алаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Президенті Ули Маурермен екіжақты кездесу өткізді. Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты күн тәртібіндегі көптеген өзекті мәселелерді талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Швейцария арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті. (…)Қазақстан Президенті швейцариялық әріптесінің назарын қаржылық қызметтер, машина жасау, химия және фармацевтика, ауыл шаруашылығы, азық-түлік, туризм салаларында бірлесіп атқарар бірқатар перспективалық жобалардың бар екеніне аударды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ули Маурерді биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды», - делінген Ақорда хабарында.
Қазақстан Президенті швейцариялық әріптесімен өткізген кездесуден кейін Болгария Президенті Румен Радевпен келіссөз жүргізді.
«Көшбасшылар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен оны нығайтудың перспективаларын талқылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасында сындарлы диалог орнағанына тоқталып, еліміздің Болгариямен өзара іс-қимылды одан әрі қарқынды дамыта түсуге ниетті екенін айтты. (…) Мемлекет басшысы болгарлық компанияларды Қазақстанда жұмыс істеп, кейіннен өңір нарығына да шығуға шақырды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевті Қазақстанға сапармен келуге шақырды», - делінген хабарда.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Президенті Анджей Дудамен екіжақты келіссөздер жүргізді.
«Кездесу барысында мемлекеттер көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары, соның ішінде, Еуропалық Одақ шеңберіндегі қарым-қатынас мәселесі талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының аясындағы жоғары деңгейдегі Қазақстан-Польша кездесулері игі дәстүрге айналғанын атап өтті. (…) Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан мен Варшава арасындағы достық және өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екенін атап өтіп, Қазақстан мен Польша арасындағы байланыстардың беки түскенін айтты. (…) Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дудаға Қазақстанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылғанын айтты. Дәл осындай құрылым Польша Президентінің басшылығымен бұл мемлекетте де жұмыс істейді», - деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы алаңындағы екі жақты кездесулер Грузия Президенті Саломе Зурабишвилимен кездесумен жалғасты.
«Мемлекеттер көшбасшылары екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық салаларда өзара іс-қимылдарды кеңейту қажеттігін атап өтті. (…)Мемлекет басшысы көлік-логистика саласындағы бірлескен жұмыстардың, соның ішінде, қазақстандық Ақтау және Құрық порттарын пайдалану арқылы екі ел арасындаға жүк тасымалын жүзеге асырудың маңыздылығын айтты. Өз кезегінде, Саломе Зурабишвили Грузияның инвестициялық және көлік-логистикалық жобаларына Қазақстан капиталының белсенді қатысып отырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді», - делінген хабарда.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті.
«Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бірін-бірі өз мемлекеттеріндегі ең жоғары қызметке сайлануларымен құттықтады. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы тарихи тамырластық пен ортақ болашақ жайын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Украинамен арадағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін, бұл бағыттағы мүмкіндіктеріміз зор екенін айтты. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бір-бірін өз мемлекеттеріне сапармен келуге шақырды», - деп атап өтті Ақордадан.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі ІІ Абдалламен кездесті.
«Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады.
Екі көшбасшы да түрлі салалар бойынша өзара тиімді әріптестікті одан әрі дамытуға дайын екендерін мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Иорданиямен арадағы инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге әзір екенін айтты. Сондай-ақ, ол ІІ Абдаллаға Қазақстанның дінаралық диалогты нығайтуға қатысты бастамаларын үнемі қолдап келе жатқаны үшін ризашылығын білдірді», - делінген хабарда.
Бұдан басқа, Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы 74-сессиясының жұмысы аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті..
«Кездесу барысында Мемлекет басшысы Ұйымның халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдаудағы, халықаралық қақтығыстардың алдын алу мен реттеудегі басшылық рөлін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның қазіргі заман талаптарына сай бейімделуінде Антониу Гутерриштің белсенді қызметін қолдайтынын білдірді», - деп атап өтті Ақордадан.
Президент БҰҰ БА-ның осы сессиясында көтеріліп отырған "Кедейлікпен күресті жан-жақты күшейтуді ынталандыру, сапалы білім беруге, климаттың өзгеруімен күрес жөніндегі іс-шараларға және инклюзивтілікке ықпал ету" тақырыбы аса өзекті мәселе екенін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға әзір. Өйткені бұл құжат біздің елдің алдағы экономикалық және әлеуметтік жаңғырту мәселелері бойынша жариялаған жоспарымен үндеседі.
Өз кезегінде Антониу Гутерриш Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесімен өзара іс-қимылына оң баға берді. Қазақстанның жаһандық ядролық қаруға қарсы күнтәртібінде жетекші рөл атқаратыны, өңірлік қақтығыстарды реттеу ісінде халықаралық күш жұмылдыруы, соның ішінде Сирия мәселесі бойынша өткен Астана процесі аясындағы қомақты үлесі айтылды. Бас хатшы Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2019 жылдың мамыр айында БҰҰ-ның 16 аймақтық өкілдігін бір шаңырақ астына біріктірген Алматы қаласындағы Халықаралық ұйымдар ғимаратын ашқаны үшін алғыс білдірді.
«Кездесу барысында Қазақстан мен БҰҰ-ның алдағы өзара практикалық іс-қимылының перспективалары, оның ішінде еліміздің халықаралық ұйым аясында бітімгершілік операцияларға қатысуды кеңейту мүмкіндігі қаралды. Сонымен қатар, тараптар әлемдік саясаттың бірқатар өзекті мәселелері бойынша да пікір алмасты», - делінген хабарда.

adimage