Астана. 9 тамыз. ҚазТАГ – Қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапармен баратыны туралы ақпар расталды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышевті қабылдады. Шахрат Нұрышев Мемлекет басшысына оның биылғы 11-12 қыркүйекке жоспарланған Қытайға сапарына дайындық барысы жөнінде мәлімет берді. Президент Бейжіңде өтетін алдағы келіссөздердің маңыздылығын атап өтіп, елшіге бірқатар нақты тапсырма берді», - деп хабарлады Ақордадан.
Еске салсақ, Тоқаевтың 11-12 қыркүйектегі Қытайға мемлекеттік сапары туралы ҚазТАГ ХАА 17 шілдеде хабарлаған еді. Бұл ақпаратты агенттік тілшілері Қытай үкіметінің Қазақстанға қайтарымсыз негізде суперкомпьтер ұсыну туралы келісім жобасын мақұлдау жөніндегі үкімет қаулысы жобасының анықтамасында байқаған. Бұл келісімге Тоқаев Қытайға барған кезде қол қояды деп жоспарлануда.
Сол кезде, Қазақстан Қытаймен бағасы Т6 млрд. астам болатын суперкомпьютер бойынша келісімге қол қоюға дайындалы жатқаны айтылған еді. Онда қайтарымсыз негіздегі суперкомпьютерді Қытай Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті базасында «Жаңа Жібек жолы университеттерінің альянсы» ИТ-паркінің Мәліметтерді өңдеу орталығын (МӨО) құру үшін беруді жоспарлауда деп көрсетілген.
Қатысты сілтемелер
-
Билік елге шетелден білікті мамандарды тарту үшін қандай жұмыс атқаруда29 Наурыз 2024, 10:26
-
Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатігездікпен өлтіріп кеткен29 Наурыз 2024, 10:21
-
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жаңбыр жауады деп күтілуде29 Наурыз 2024, 09:32
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17