«Цеснабанк» барлық міндеттемелерін орындау үшін жоғары активтердің елеулі қорына ие – Ұлттық банк

Алматы. 7 ақпан. ҚазТАГ – «Цеснабанк» АҚ толық қалыпқа келтіріліп, әдеттегі режимдегі қызметін жүзеге асыруды және клиенттері мен салымшылары алдындағы міндеттемелерін орындауды жалғастырады, деп мәлім етті Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков.
«Цеснабанк» АҚ өтімділігі жоғары активтердің елеулі қорына ие, бұл банкке клиенттер мен кредиторлар алдындағы өз міндеттемелерін толық көлемде орындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, банк міндеттемелерінің көпшілігі банкті қорландырудың тұрақты базасымен қамтамасыз ете отырып, ұзақ мерзімді сипатқа ие. Бұны банк облигацияларының депозиттерге арақатынасы көрсетіп отыр, ол жүйе бойынша 20%-дан аспайтын орташа көрсеткіштен бірнеше есе артық», - деп келтірілген Ұлттық банк баспасөз қызметінің хабарында О. Смоляковтың сөздері.
Бұл ретте атап өтілгендей, Ұлттық Банк пен Үкімет іске асырған шаралар кешені және «Цеснабанк» АҚ-қа жаңа инвестор тарту «Цеснабанк» АҚ-ты қалыпқа келтіруге мүмкіндік берді..
«Қазіргі уақытта банктің Ұлттық Банктің ең төменгі талаптарынан асатын капиталдандыру және өтімділік көрсеткіштері, кредиторларға қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ететін, теңгемен ұзақ мерзімді қорландыра алатын тұрақты қоры бар. Сонымен қатар, «Цеснабанк» АҚ кредит портфелінің құнсыздануынан болған барлық ықтимал шығындарды өтеу үшін жеткілікті сомаға қосымша провизия қалыптастырды. Сондай-ақ «Цеснабанк» АҚ бұрын Қазақстан Ұлттық Банкі ұсынған тұрақтандыру қарызын толық көлемде өтеді», - деп түсіндірді О. Смоляков.
Бұған дейін хаарланғандай, 2019 жылдың 6 ақпанында қол жеткізілген уағдаластықтар шегінде «First Heartland Securities» АҚ (бұдан әрі – FHS) «Цеснабанк» АҚ акцияларының бақылау пакетін сатып алды.
Қазақстан қор биржасының (KASE) ақпарынша, FHS Алматыда тіркелген, компанияны Ерке Нуркенов басқарады.


adimage