«Уральская неделя» газетінің редакциясына ұрылар кірді

Алматы. 20 маусым. ҚазТАГ - "Уральская неделя» газетінің редакциясына ұрылар кірді, деп хабарлады «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорынан.
«Уральская неделя» газетінің редакциясына ұрылар кірді. (…) Журналист Мария Мельниковамен әңгімелесу барысында белгілі болғаны сағат шамамен 04.00-де кеңседегі дабылқаққыш іске қосылған. Күзет фирмасының қызметкерлері екі минут ішінде оқиға орнында болған, бірақ ешкімді ұстай алмаған. Газет редакторы Лұқпан Ахмедьяров, редакцияға келіп, ғимаратты бір қарап шыққан, бірақ ұрланған заттарды байқамаған, сосын ол ішкі есіктерді жауып, тексеру амалдарын ертеңгісінге қалдырған. Ертеңгісін жұмысқа келген Мария Мельникова өз ноутбугінің жоғын аңғарған», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Мельникованың айтуынша, ұрылар оның ноутбугінен басқа редакциядан ештеме алмаған, «Бұл жерде басқа да компьютерлер, фотоаппараттар, көптеген техника бар».
«Ешкім бухгалтерияны ашуға тырыспаған, басқа қызметкерлердің заттары да орнында. Менің ойымша, олардың мақсаты менің ноутбугім, нақтырақ айтсақ оның ішіндегі ақпарат. Және менде ұрыларға нақты қандай ақпарат керек болғаны туралы да болжам бар. Жақында мен іссапардан келдім, сол кезде журналистік зерттеу үшін материалдар жинаған болатынмын. Тақырыбын айтқым келіп тұрған жоқ, бірақ редакцияға кіргендерге нақты сол ақпараттың керек болғанына сенімдімін», - деді журналист.
Хабарда айтылғандай, қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасауда, олар қылмыс орнын тексеріп, газет қызметкерлерінен түсінік алуда.

adimage