Алматы. 2 сәуір. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Қазақстан Президентіне Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жұмысы туралы есебі, сондай-ақ, еліміздегі адам құқықтарының сақталуы жөнінде мәлімет берілді.
«Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындардың, соның ішінде кедей отбасылар мен көп балалы аналардың негізгі құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, сондай-ақ сотталғандарға қатыгездік көрсету фактілеріне жол бермеу үшін мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс істеу қажеттігін айтты», - делінген хабарда.
Соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма беріп, құқық қорғау мәселесін жіті назарда ұстайтынын айтты.
Құқық қорғау мәселесі жіті назарда болады – Тоқаев
