Алматы. 27 қыркүйек. ҚазТАГ – Құқыққорғау органдарындағы дерек көзі Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровтың ұсталғанын растады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Оны (Манзоровты – КазТАГ) бүгін ертеңгісін ұстады», - деп растады ҚазТАГ ХАА тілшісіне бейсенбі күні жағдаймен таныс дерек көзі.
Еске салсақ, бұған дейін ғаламторда 26 қыркүйек күні сағат 4.55-те Манзоров ұсталып, сыбайлас жемқорылыққа қарсы іс-қимыл қызметі қызметкерлерінің оны Алматы ПД УҰИ-ге тоғытқаны туралы хабар тараған еді. Хабарда әкімнің орынбасарына ҚР ҚК 366 бабы 3 бөлімі (пара алу) бойынша айып тағылып жатқаны айтылған. ҚазТАГ ХАА редакциясы Алматы облысы әкімдігіне хабарласқан, ол жерде Манзоровтың ұсталғандығы туралы мәліметтің жоғын, өздерінің де жағдайды анықтау үшін құқыққорғау органдарына жүгінгендерін жеткізген.
Манзоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне 12 шілдеде тағайындалған. Оған дейін ол 2008-2017 жылдар аралығында Алматының Алатау ауданының әкімі болған.
Қатысты сілтемелер
-
Саяси партияларды қаржыландыру жобасына Т71 млрд жұмсамақшы17 Мамыр 2024, 12:46
-
Махамбет - Сарытоғай арасындағы жол жабылып, қайық тасымалы іске қосылды17 Мамыр 2024, 12:01
-
Қазақстанда 61 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды17 Мамыр 2024, 11:41
-
Алматыда жаңа қоғамдық кеңістік құруды жоспарлап отыр17 Мамыр 2024, 11:24
-
Үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге бес жылда Т12,2 трлн жұмсамақшы17 Мамыр 2024, 10:36