Құқыққорғаушы Қазақстанда ТЖ кезінде қаза болған 17 азаматтың тізімін ұсынды

Күні: 15:51, 14-01-2022.

Алматы. 14 қаңтар. ҚазТАГ – Құқыққорғаушы Бахытжан Төреғожина Қазақстанда төтенше жағдай (ТЖ) кезінде қаза болған 17 азаматтың тізімін ұсынды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Бейсенбі күні Төреғожина ұсынған мәліметке сәйкес, 5 қаңтарда мерт болғандар:
Алматыда – Мұратхан Әбдіұлы, Еділ Сейдахмет, 12 жасар Сұлтан Қамшыбек пен Тлеуберген Әлжанбаев; Семейде – Елдос Мұсанов; Қызылордада – Айтбай Әлиев.
6 қаңтарда Алматыда 50 жасар Нұралия Айтқұлова, Ислам Төребек, Елнар Жансеитов пен Ерлан Жағыпаров мерт болған.
7 қаңтарда Алматыда ерлі-зайыпты Қуат Біткембаев (72 жасар) және Гүлзифа Құлсұлтанова (63 жасар); Талдықорғанда бүтіндей бір отбасы – 51 жастағы күйеуі Нұрболат Сейтқұлов, 51 жасар оның әйелі Алтынай Етаева және олардың 15 жасар қызы Нұрайт; Таразда 20 жасар Тоқтар Ошақбай.
11 қаңтарда Алматыда Мұрат Абраев қайтыс болды.
«Аталмыш ақпарат қоңырау соғу және әлеуметтік желі арқылы нақтыланды. Марқұмдардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», - деді тізімді құрастырушылар.


Жаңалықтармен бөлісу: