Құқыққорғаушы Бақытжан Төреғожинаны әлеуметтік желідегі репосты үшін ҰҚК-не шақырған

Алматы. 3 шілде. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Құқыққорғаушы Бақытжан Төреғожинаны әлеуметтік желідегі Серік Әбішевті ұрлап кетуге қатысты репосты үшін ҰҚК-не шақырған.
«ҰҚК-нен келдім. Серік Әбішевті «ұрлау» ісі бойынша, зардап шегуші ретінде, қылмыстық іс қозғалған. Серікті түнде кімдердің алып шыққанын іздестіріп жатыр. Мені Aiman Tursynkan постындағы репостым үшін шақырған. Сонымен қатар куәгер ретінде Сергей Дуванов та шақыртылды. Айман, сізден жауап алу үшін оралуыңызды күтіп отыр. Тергеушімен жақсы әңгімелестік, жеке өзімнің Серікпен де, Айманмен де таныс емес екенімді айттым, ал Дувановты көп жылдан бері білемін. Серіктің «түндегі жүрісі» туралы ештеме білмеймін, көрген жоқпын», - деп жазған Төреғожина сәрсенбіде әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салсақ, 2 шілдеде Төреғожина оны ҰҚК-не шақыртып жатқанын хабарлаған еді. Сондай-ақ, ол ҰҚК өзінің белсенді азаматтық ұстанымымен белгілі қазақстандық экономист Айман Тұрсынхан туралы мәліметтерді де іздестіріп жатқанын айтқан еді.

adimage