Құқыққорғаушы Нинель Фокина өмірден өтті

Күні: 13:13, 03-12-2019.

Алматы. 3 желтоқсан. ҚазТАГ - Құқыққорғаушы Нинель Фокина өмірден өтті, деп хабарлады «Адам құқығы үшін хартия» Қоғамдық қорының атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетова.
«Қазақстандағы құқыққорғау қозғалысын бастаушылардың бірі, Алматы Хельсинки комитетінің негізін құраушы және тұрақты жетекшісі Нинель Константиновна Фокина өмірден озды», - деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында Тұрмағамбетова.
Ол еске салғандай, Нинель Фокина – білімі бойынша инженер, Томск политехникалық институтын аяқтаған, Алматы сәулет-құрылыс институтында сабақ берген, бірқатар инженер-құрылысшыларды тәрбиелеп шығарған.
«Оның құқыққорғау жолы 1986 жылы желтоқсанда басталған, сол кезде ол өзінің студенттері мен әріптес-оқытушыларын бастарына төнген репрессиядан қорғауды бастаған, сөйтіп оқытушылық қызметінен айырылған. Ол қоғамдық комитетке келіп, желтоқсан оқиғаларын тексеру комиссиясының мүшесі болған. Ақырында президент жанындағы адам құқығы жөніндегі комиссияға алынған», - деді қордың атқарушы директоры.
«ҚазТАГ» халықаралық ақпараттық агенттігі Нинель Константиновнаның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.


Жаңалықтармен бөлісу: