Қытаймен шекарадағы Алтынкөл стансасының экс-басшысы пара үшін сотталды

Күні: 15:54, 28-10-2019.

Астана. 28 қазан. ҚазТАГ – Қытаймен шекарадағы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚФ Алтынкөл стансасының бұрынғы басшысы Жандос Ұнтақбаев пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен.
«25 қазанда Алматы облысы Панфилов аудандық сотының үкімімен Ұнтақбаев бірнеше мәрте пара алғаны үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Осы шешіммен Алматы облысы мемлекеттік кіріс департаментінің «Алтынкөл» кеден бекетінің бұрынғы бас маманы Е. Төлеев пен тауар кассасының экс-бастығы А. Стамқұлова әрқайсысы жеті жылға бас бостандығынан айырылды, ал Алтынкөл стансасының жүк ауданының экс-бастығы Т. Қалдыбаев – екі жылға бас бостандығынан айырылды.
Аталмыш айыптылылар мемлекеттік қызметте жұмыс жасау құқығынан өмір бойына айырылды.
Ұнтақбаев Төлеев пен Стамқұловамен алдын-ала сөз байласу арқылы «Алтынкөл» КБ арқылы радиациялық фоны жоғары вагондарды кедергісіз өткізгені үшін Т4,324 млн көлемінде пара алған деп күдіктелді. Сонымен қатар, іс материалы бойынша, Ұнтақбаев Қалдыбаевтың көмегімен ірі габаритті вагондарды бергені үшін Т1 млн астам сома көлемінде пара алған. Бұдан басқа жұмысқа орналастырғаны үшін бір адамнан Т100 мың алған.


Жаңалықтармен бөлісу: